Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы №426 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі»;

мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

«6-2. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр»;

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                         Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу