12 Маусым 2023, 17:19
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі»;
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу