Төтенше жағдайлар министрі

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов

1983 жылы дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқыған, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану, Азаматтық авиация академиясында тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандықтары бойынша білім алған.

2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — ҚР Президенті күзет қызметінің бастығы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры (2022 жылғы 6 мамыр).

2024 жылғы 6 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу