Ауыл шаруашылығы министрі

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров

1966 жылғы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 жылдары — Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.

1995-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2003-2005 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 жылы — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010-2011 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2011-2019 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019-2022 — ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу