Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова
1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тарих» факультеті бакалавриатын, «Философия және саясаттану» факультетінің магистратурасын және PhD докторантурасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзін-өзі басқару төрағасы болып бастаған.
2004–2006 жылдары — Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы.
2006 жылы — «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары.
2007–2008 жылдары — Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.
2008–2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы.
2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы.
2011–2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғалым хатшысы.
2012–2017 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары.
2017–2019 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры.
2019–2021 жылдары — Алматы қ. физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің директоры.
2021–2025 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ, VІІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі. «AMANAT» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары.
2022 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі.
2023 жылы — «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының тең төрағасы.
2025 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
2025 жылғы 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу