03 Шілде 2018, 03:45
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын 6 айдағы іске асыру қорытындылары қаралды, сонымен қатар одан арғы жұмыстың түзетілген жобасы қабылданды.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бірінші жартыжылдықтағы іске асырылу қорытындылары туралы баяндай отырып, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 ж. оны іске асыру үшін барлық қаржы көздерінен 829,5 млрд тг қаралғанын айтты. Жалпы, 1 шілдедегі жағдай бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Бірінші бағыт аясында — көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту. Жалпы, 2018 ж. бөлінген қаражат есебінен 4,2 мың шақырым жолды салу және реконструкциялаумен қамту және 528 км автомобиль жолында қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Алты ай ішінде Құрық порты арқылы жүк тасымалы көлемі 856 мың тоннаны құрады. Биыл жыл соңына дейін Құрық портының паром кешенінің автомобиль терминалының құрылысын толық аяқтау көзделген. Жалпы, Құрық портының жалпы жобалық қуаттылығы жылына 6 млн тоннаны құрайтын болады.
Екінші бағыт аясында — энергетикалық инфрақұрылымды нығайту – биылғы жылдың соңына дейін Шүлбі ГЭС (Семей) — Ақтоғай — Талдықорған — Алма бағыты бойынша жоғары вольтті жлі құрылысының жобасын іске асыру жоспарланған.
Мемлекеттік бағдарламаның келесі бағыты ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту болып табылады. 2018 ж. ТКШ жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджетті нақтылау кезінде бұл бағытқа 38,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 1 шілдеде 18,4 млрд тг немесе жылдық жоспардың 48% игерілді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес игеру 100% құрады.
Жалпы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қаржыландыру жоспарына сәйкес жүріп жатыр.
Атқарылған жұмыстар баяндамасы бойынша Тимур Сүлейменов түзетілген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырды, онда транзиттік тасымалдардан кірісті $4 млрд дейін, сондай-ақ транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемін 1,2 млн ДФЭ ұлғайту қарастырылған. Сонымен қатар транзиттік авиажолаушылар санын 1,6 млн дейін және аймақтық әуе желілері жолаушыларының санын 170 мың жолаушыға дейін арттыру көзделген.
Жоба облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен келісілген. Бюджет қаражатын және Ұлттық қор қаражатын игеру бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.
Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға биылғы жылға республикалық бюджетте 474,6 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама бойынша 129,1 млрд тг немесе есепті кезеңнің жоспарына 96,2% игерілген. Есептік кезеңде 266,4 млрд тг немесе жылдық жоспарға 56,1% міндеттеме тіркелген. 1 шілдедегі жағдай бойынша алдыңғы жылдары мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен несиелендіру алған төлемшілерден бюджетке салық көлемі 23,8 млрд тг құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 12,9% құрады.
24,7 млрд тг бюджет қаражатын қамтумен мемлекеттік бағдарлама шығындарын тексеру бойынша 11 аудиторлық шара іске асырылған.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көлік-логистикалық инфрақұрылым және ТКШ жобаларын іске асыру туралы баяндады. 2018 ж. 23 автожол жобаларын іске асыру жүргізіліп жатыр. Жергілікті автожол желісін ескерумен «Нұрлы жол» жобаларын іске асыруға 100 мың адам тартылған. Жыл қорытындысы бойынша барлығы 528 км жол қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

Ж. Қасымбек басымдықты міндеттердің бірі республикалық маңызы бар жолдарда төлем жасауды енгізу болып табылады. Мәселен, бағдарлама аясында үш учаскеде төлем алу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр: Алматы-Қорғас жолында төлем алу жүйесі тестілік режимде іске қосылған, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелерінде биылғы жылдвң қазан айында іске қосу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, қазақстандық әуежайлардың жер үстіндегі инфрақұрылымдарын жаңғырту жалғасуда. 2018 жылдың желтоқсан айында Семей қ. әуежайдың ұшу-қону жолағының реконструкциясы аяқталады, сонымен қатар биыл Қостанай қ. әуежайдың ұшу-қону жолағының реконструкциясы басталды, ол 2019 жылы аяқталуы тиіс.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз кезегінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және нығайту бойынша шаралар туралы баяндады.
Энергетика министрлігі аталған бағдарлама аясында бірқатар жобаларды іске асырып жатыр. Мәселен, 500 кВ-тық «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің әуе желілері» салу жобасына 148,7 млрд. теңге бөлінетін болады. «Өңірлермен, Астана және Алматы қалаларының жылумен жабдықтау жүйелерінің реконструкциясы және құрылысы үшін кредит беру» атты бюджеттік бағдарламасымен 2018 жылға Ақмола облысының 2 жобасын іске асыруға шамамен 2,3 млрд тг берілді. Олардың біріншісі, «Ақмола облысы Есіл ауданының Есіл қаласында жылу тораптары бар орталық қазандық құрылысы». екіншісі «Ақмола облысы Степногорск қаласы Шаңтөбе кентінде қазандық құрылысы».
Жол бойы сервисі нысандарын дамыту туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов баяндады. Қазіргі кезде республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1859 жол сервисі нысаны бар. оның ішінде 260-ы көлік дәлізінде. 2025 жылдың соңына дейін жылы жайлы санитарлық тораптары бар «KazWay» 70 сервис павильонын орнату керек.
Қазіргі кезде алғашқы сервис павильондары Астана-Щучинск автожолында орналастырылған, олар автожол пайдаланушыларының оң бағасын алды.

Жол сервисінің қазақстандық нысандарын қолданыстағы стандарттарға сай келтіру бойынша жұмыстардың түпкілікті нәтижесі олардың орналасуы туралы ақпаратты TRANSPark, Google, «Яндекс» жаһандық ақпараттық желілеріне орналастыру болады.
«Саланы цифрландыру аясында біз жол сервисі нысандарын түгендеп, оларға электронды паспорттау жүргіздік. TRANSPark қосымшасының картасында ұлттық стандарттарға сай келетін 150 қазақстандық сервис нысаны бар және жыл соңына дейін 818 нысан туралы ақпаратты енгізуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы бұл жұмыстарды аяқтаймыз», — деді Ермек Қизатов.
Жол сервисі нысандарының орналасуы мен олардың көрсететін қызметтері туралы деректер гуглмапс және яндекскарталар көпшілікке қолжетімді карталарға жүктеледі. Қазірде 4 облыс бойынша деректер жүктелген, оларды қарау саны 1,5 млн асты. Жыл соңына дейін ұлттық стандартқа сай келетін жол сервисінің барлық нысандары туралы деректерді жүктеу жоспарланып отыр. Осылайша, 2019 жылы көлік-логистика инфрақұрылымының брі бөлігі ретінде Қазақстандағы жол сервисі нысандары туралы ақпарат халықаралық автотасымалдардың жаһандық ақпараттық желісіне толық енгізіледі.
Сонымен қатар, автомобиль жолдарын пайдаланушыларға таңдалған бағыт бойындағы жұмыс істеп тұрған жол сервисі нысандары туралы ақпаратты жеткізу үшін қоғам «KazWay» мобильді қосымшасын құрды. Биыл 15 шілдеден бастап бұл мобильді қосымша айфон құрылғыларында, ал 1 қыркүйектен бастап барлық андроид құрылғыларында қолжетімді болады.

Биыл аймақтарға ТКШ саласындағы жобаларды іске асыру үшін 34,3 млрд тг бөлінген. Отырыс барысында қаражатты уақытылы және сапалы игеруді қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы Қызылорда, Қарағанды облыстарның және Алматы қ. әкімдері баяндады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу