Әрбір қазақстандыққа қанша өнімнен өндіріледі

Статистикалық ведомствоның мәліметі бойынша, 2016 жылы әрбір қазақстандыққа шамамен 33 баррель мұнай, 166 литр бензин, 508 кг цемент, 6 кг шоколад, 26 кг қант және 8 литрге жуық шырын шығарылған.

«Біз жалпы ЕАЭО аумағындағы өнеркәсіп бойынша Ресейден кейін екінші орындамыз. Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі жылына 54,2 млрд долларды құрады», - деп ҚР ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов хабарлады.

Қазақстанда 2016 жылы 78 млн тонна мұнай, 37 тонна алтын, 1 176 тонна күміс, 246 мың тонна алюминий, 413 мың тонна мыс өндірілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу