Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1028 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 01 Қаңтар 2020

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26-1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) және Үндістан Республикасының (бұдан әрі – ҮР) азаматтары үшін 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 23.59 сағатқа дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.

Осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режим авиакомпаниялармен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына оларда авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады.

Жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының паспорттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде мөртабандар қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақытын көрсетеді.

Авиакомпаниялар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне транзитпен өтетін және жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының тізімін рейс Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайларына келгенге дейін береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге шығу үшін өз рейстеріне келмеген, сол сияқты Қазақстан Республикасында жетпіс екі сағаттық визасыз болу режимін бұзған ҚХР және ҮР азаматтарын іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдеседі.

ҚХР және ҮР азаматтары осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда кету бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін иммигранттар төлейді. Аталған адамдардың қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған кезде көрсетілген адамдардың кетуін оларды жеткізген авиакомпаниялар өз қаражаты есебінен ұйымдастырады.

Авиакомпаниялар жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарына авиабилеттерді ресімдеу кезінде болу қағидалары және көші-қон заңнамасын, оның ішінде осы тармақта көзделген режимді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жадынаманы беруді қамтамасыз етеді.».

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                          А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 12:05
ВАК-та «Дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясы анықталғаннан кейінгі қазіргі эпидемиологиялық жағдай талқыланды
02 Шілде 2021, 08:30
А. Мамин ҮАААЖ құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.