Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №363 Қаулысы

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы №758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Qyzyljar» АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 212,3 гектарды құрайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу