Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №456 Қаулысы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

         3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

«2-3) медициналық емес бейіндегі сот сарапшыларының (сот сараптамасын жүргізумен тікелей айналысатын В1 блогының негізгі персоналы) ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 1,4 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,28 мөлшерінде;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,02 мөлшерінде;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,73 мөлшерінде қосымша түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;».

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу