Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы №100 Қаулысы

«Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы №702 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 702 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу