Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №1020 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 269-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

«24) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін»;

реттік нөмірі 270-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

«23) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

реттік нөмірі 278-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

«25) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2025 жылғы
31 желтоқсанға дейін»;

реттік нөмірі 340-жолдың 5-бағанындағы 17) тармақша алып тасталсын;

реттік нөмірі 393-жолдың 5-бағанындағы 27) тармақша алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының               

Премьер-Министрі                                                                       О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу