Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы №350 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   Ә. Смайылов

 

Ереже

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу