Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 03 шілдедегі №467 Қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы 
№ 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53,
343-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Қарттар күні – 1 қазан»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                                                                       А. Мамин
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу