Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы №172 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-2) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу