Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 наурыздағы №173 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын куәландыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж, № 64, 907-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 555-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу