Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 04 мамырдағы № 248 қаулысы

Опубликовано: Сейсенбі, 26 Қараша 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  2. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

72-2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте, айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға рұқсат етіледі.»;

72-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«72-3. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеудегі сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобаларға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;

72-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72-6. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша салалық қорытынды келіп түскеннен кейін қаржы агенттігі жұмыс органына хабарлама-хат пен осы Субсидиялау қағидаларының
72-3-тармағында көрсетілген құжаттарды салалық қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жібереді.

Жобаларды субсидиялау № 436 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.»;

72-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72-8. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды келіп түскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.»;

75-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мыналар қамтылатын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары:

Бағдарлама шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкінің (180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша) қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері. Бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс;

қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюына және төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу кезеңдері (осы абзацтың талабы Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда/Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша қолданылады);

салықтық есептілік деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізу шарты (осы абзацтың талабы Тетік шеңберіндегі жобаларға қолданылады);»;

79-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79-1. Тетік шеңберінде жобаны қаржы агенттігі құжаттар мен қажетті ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Қаржы агенттігінің тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде: жеке кәсіпкерлік субъектісінің салықтық есептілік                   (100-нысан) деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау және (немесе) ұлғайту жөніндегі міндеттемелері немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізуі көрсетіледі.»;

124-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап        2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің өсуіне және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу жөніндегі (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша), сондай-ақ қаржы агенттігінің уәкілетті органы Тетік шеңберінде субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салықтық есептілік деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау және (немесе) 10%-ға ұлғайту немесе кірістің 10%-ға өсуіне қол жеткізу бөлігінде міндеттемелерін орындамау фактілері анықталған кезде кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтата тұрады.»;

8 және 10-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:

1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі − Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

2. Кепілдік беру кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама)/ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі − Тетік) шеңберіндегі кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

3. Кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кредиттік ресурстарға қол жеткізуді кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарлама бойынша − облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі қаржы агентіне өзара жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Тетік шеңберінде кепілдік жағдайы (кепілдік бойынша төлем) туындағанда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жылына екі реттен сиретпей қаржы агенттігіне қаржы агенттігі мен уәкілетті орган арасында жасалған Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін қаражат аудару туралы келісімнің негізінде республикалық бюджеттен жобалар бойынша қаржы агенттігі орындаған талаптардың 100 %-ы мөлшерінде төлем жүргізеді.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Бағдарламаға қатысатын даму банкі/Тетіккеқатысатын екінші деңгейдегі банк;»;

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кепілдік беру – Бағдарламада/Тетікте, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

«18) кәсіпкер – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы         11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектісі.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

«4-1. Тетік шеңберінде кепілдіктер беру шарттары

44-1. Кепілдік беру кәсіпкерлік субъектілерінің Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін жобалары бойынша беріледі.

44-2. Кепілдік беруге: осы Кепілдік беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жөніндегі, осы Кепілдік беру қағидаларына          9-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар бойынша тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тізбесі шеңберінде банктер инвестицияларға (даму банкін қоспағанда) және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер жатады.

44-3. Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.

44-4. ЕДБ-ның жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15 %-дан аспайтын кредиттері кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

44-5. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері:

қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ы аспайды.

3 млрд. теңгеден астам, қоса алғанда 5 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 20 %-ынан аспайды;

Бұл ретте, кредит (кепілдік құны) бойынша қамтамасыз етудегі айырманы кәсіпкер жабады.

44-6. Тетіктің шеңберінде банктер мыналарға:

1) кәсіпкер бастамашылық ететін кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;

3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты;

4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерге байланыстыларды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

«5-1. Тетік шеңберінде кепілдіктер беру тәртібі

55-1. Кәсіпкер Тетік шеңберінде кредит алу үшін банкке өтініш береді.

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін жобаны банктің уәкілетті органының қарауына шығарады.

Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.

55-2. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банктен келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден түскен өтінішті Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Тетік шеңберіндегі жобалар портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаралмайды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша және/немесе өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша салалық қорытынды алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпаратты/құжаттарды сұратуға құқылы.

55-3. Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар бойынша қаржы агенттігі жобаны уәкілетті мемлекеттік органдар қарағаннан кейін (қажет болған жағдайда)               15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды және кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

55-4. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/ теріс шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің 10 %-ға өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды көрсете отырып, қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімі бар хат жібереді.

55-5. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін:

1) банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(-дер) шарт(-тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі бір бөлігін беруге жол беріледі;

2) банктен банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;

3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.»;

60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Бағдарламаның/Тетіктің іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.»;

64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтерді беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде Бағдарламаға/Тетікке қатысушылар жұмыскерлерінің бюджетке төлеген салықтары мен төлемдерінің көлемі және саны туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне жібереді. Бағдарламаға/Тетікке қатысушылар жұмыскерлерінің кірістері, бюджетке төлеген салықтары мен төлемдерінің көлемі және саны туралы соңғы 5 (бес) жылдағы жылдық деректер кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтер беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде қаржы агенттігінің сұрау салуы бойынша ұсынылады.

65. Бағдарламаның/Тетіктің тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей, Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарын мониторингілеу нәтижелерін қаржылық емес қолдау операторына және уәкілетті органға жібереді.»;

осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын;

2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

2-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте ЕДБ айналым қаражатын толықтыру мақсатына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-дан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.»;

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жобаларға 10 миллиард теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салықтық есептілік деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізу.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттерге кепілдік беруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі:

қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды;

3 млрд. теңгеден астам, 5 млрд. теңгеге дейінгі қоса алғанда кредит сомасының 20 %-ынан аспайды.

Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.»;

басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша осы қаулыға
5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                         А. Мамин

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5


Жаңалықтар тізбегі
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.