Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №878  Қаулысы

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы

 

«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы»  2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;

2) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;

3) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуының үлгі шартының нысандары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу