05 Тамыз 2016, 12:44
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамы астық қолхаттарын тіркеуші болып айқындалсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу