Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қарашадағы № 877 қаулысы

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 175-бабының 3-тармағына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – компания) орналастырылған акцияларының жалпы санының 15,42 (он бес бүтін жүзден қырық екі) %-нан аспайтын, компанияның саны 94 109 125 (тоқсан төрт миллион бір жүз тоғыз мың бір жүз жиырма бес) жай акциясын Қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін Қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын баға, сан және құрылым бойынша иеліктен шығарсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу