Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 06 ақпандағы №40 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесі туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                Б. Сағынтаев

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу