09 Сәуір 2026, 10:20
«Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептің нысандары мен оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 шiлдедегi № 500 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу жасалған кредиттік шарттарда көрсетілген мерзімдерде республикалық бюджетке аудару арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша болжанатын түсімдерге балама қаражатты Ұлттық қорға қайтаруды республикалық бюджеттің жобасына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік сұрау салу жібереді.
Ұлттық қорға қайтару кезекті қаржы жылының соңына дейін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған Ұлттық қордан берілген нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірмей тиісінше Ұлттық қорға немесе тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Бұл ретте Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттер республикалық бюджеттен Ұлттық қорға қайтарылуға жатады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың соңына дейін республикалық бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау кезінде Ұлттық қорға бюджеттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз етеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу