Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «07» маусымдағы № 335 қаулысы

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту;

2) жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру;

3) жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру;

4) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат ету;

5) Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру;

6) халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру бойынша екінші санатты рұқсатты беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

         2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу