01 Шілде 2024, 19:16
Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуы рұқсат етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу