Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 қазандағы №796 қаулысы

«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Демалыс күндері:

2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;

2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге;

2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу