Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 07 қарашадағы №834 Қаулысы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттiк қызметшi (мемлекеттiк саяси қызметшiлерді қоспағанда) болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер санаты);».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу