30 Желтоқсан 2021, 10:58
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мекемеге қатысты тиісті саланы (аясын) мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген КММ қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. КММ-нің жалпы ауданы 58 912 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан алып қойылсын.
6. Осы қаулының 5-тармағында көрсетілген Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағындағы жер учаскелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес мекемеге тұрақты жер пайдалану құқығымен берілсін.
7. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
8. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) КММ ұстауға жергілікті бюджеттен 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке бөлінген қаражаттың кері трансферттері көзделсін;
2) КММ-нің 30 бірлік штат санын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берсін;
3) экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке осы аймақ шегінде тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін.
9. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
10. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу