Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы

Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

89-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.».

3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

 

1-қосымша

2-қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу