Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі №663 қаулысы

«Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы №450 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:

реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

9.

«Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

Қонаев қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20 және 21-жолдармен толықтырылсын:

«

18.

«Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

19.

«Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

20.

«Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

21.

«Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының      

Премьер-Министрі                                                      Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу