Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 09 шілдедегі № 413 қаулысы

Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының  4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Вавилин бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Бастау жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Жемшін
бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Тоғайлы жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3)  Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Ынтымақ жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі;
4)  Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Кузнецов негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Бірлік жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Родник негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Айнабұлақ жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6)    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін
Семиглавый Мар мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Достық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7)    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Совхоз «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала
аудандық білім бөлімінің «Атамекен жалпы орта білім беретін «мектеп-
балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8)    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тасқала аудандық білім бөлімінің «Мерей жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                 Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу