Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 09 тамыздағы № 485 қаулысы

Жамбыл облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат)сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жамбыл облысының мынадай мәдениет және білім беру ұйымдарына:

1) «Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ықылас Дүкенұлының есімі;

2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Кенен Әзірбаевтың есімі;

3) «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу