Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №46 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 10 Ақпан 2015

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:

1-тармақтың 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15-1) кепілдік жарнасы – сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;»;

2-тармақтың бірінші, екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді 10 күн мерзімде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (сату кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

Мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;

8-тармақта:

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;»;

14) тармақша алып тасталсын;

12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) сауда-саттық (аукционды және коммерциялық тендерді қоспағанда) жеңімпазын жариялайды;»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Кепiлдiк жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.»;

17-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.»;

мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Аукционға немесе тендерге қатысу үшiн белгiленген тәртіппен тiркелмеген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кепілдік жарналары жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.

Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару өтінішінде көрсететін деректемелерге қайтарылады.»;

18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлiкпен толықтырылсын:

«Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi, мемлекеттiк кәсiпорындарды мүлiктiк кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.»;

19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен бірыңғай оператордыңбанктiк деректемелерiн;»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, коммециялық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын және жабық тендер мен екі кезеңде ететін рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.»;

23-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінім поштамен келіп түскен кезде осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, ұсынылған өтінім тіркелмейді, бұл туралы сатушы өтінім берген тұлғаға бір жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.»;

26-1-тармақта:

екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.»;

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.»;

36-6-тармақтың 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап                                  250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 2,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

5) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап                            500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 1 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

6) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 0,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi.»;

36-8-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;»;

36-12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36-12. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша жабық тендердiң нәтижелерi сауда-саттық аяқталғанда сатушы, комиссияның барлық мүшелері және тендердiң жеңiмпазы қол қоятын әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi және тізілімге енгізілуге тиіс. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді.

Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарлама жібереді, оған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Жабық тендер аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердiң нәтижелерiн жариялайды.

көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  К. Мәсімов

Қосымша


Жаңалықтар тізбегі
01 Қазан 2020, 17:47
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:32
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:16
Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
01 Қазан 2020, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
01 Қазан 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады
30 Қыркүйек 2020, 18:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАДБ басшысы Н. Подгузовпен Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
30 Қыркүйек 2020, 18:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшілері мен тұрақты өкілдерін тағайындады
30 Қыркүйек 2020, 15:41
Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді
30 Қыркүйек 2020, 15:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.09.2020
30 Қыркүйек 2020, 14:53
Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы дебиторлық қарызы 17 млрд теңгені құрайды — Б. Атамқұлов
30 Қыркүйек 2020, 13:15
Қазақстанда заңсыз айналымнан 98,2 мың медициналық препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды — ҚР ІІМ
30 Қыркүйек 2020, 12:22
Қазақстанда халықтың интернет сапасын бақылауына арналған сервис іске қосылды
30 Қыркүйек 2020, 11:32
Денсаулық сақтау министрлігі 5 қазаннан басқа елдермен қосымша әуе қатынасын қайта жаңғыртуды тоқтатуды ұсынды
30 Қыркүйек 2020, 10:59
33 қазақстандық фармкомпания 922 атаумен дәрілік препарат шығарады — ҚР ИИДМ
30 Қыркүйек 2020, 10:44
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болады – А. Мамин
30 Қыркүйек 2020, 10:20
4 мыңнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді — «СҚ-Фармация» ЖШС
30 Қыркүйек 2020, 10:17
Үкімет өңірлердің жылыту маусымына дайындығын қарастырды 
30 Қыркүйек 2020, 09:59
А. Мамин санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100% әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.