Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 47 Қаулысы

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, Көліктегі ішкі істер департаменттері және олардың аумақтық және желілік бөлімшелері азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық  заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып айқындалсын.
2.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
                Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

Приложение

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу