13 Наурыз 2026, 09:38
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-1) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (бұдан әрі – резерват) жалпы ауданы 5,1 гектар жері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің «Семей» шекара басқармасының «Ауыл» (автомобильдік) өткізу пунктін салу, жайластыру және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің босалқы жерлерге ауыстырылуына байланысты орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі резерват балансына бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Абай облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2 |
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты |
654174,7 |
Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай, Аягөз, Көкпекті аудандары және Семей қаласының жерлері |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
».
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу