Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №678 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 27 Қыркүйек 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 60-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.»;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.»;

4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;».

2) «Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы         28 қаңтардағы № 961 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,                2015 ж., № 59-60-61, 480-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:

1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық бөлімшелері;

4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                               А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.