15 Қыркүйек 2026, 16:42
«Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 627 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы облысының Қонаев қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 627 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 23-бабының 4) тармақшасына сәйкес Алматы облысы Қонаев қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу