14 Қаңтар 2025, 10:00
«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2025 жылға мынадай:
1) кiрiстер – 21 392 054 673 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 15 193 343 932 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 435 325 855 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 5 200 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 758 184 886 мың теңге;
2) шығындар – 25 193 022 392 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 252 140 981 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 510 480 002 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 258 339 021 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша
сальдо – 46 891 300 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 46 891 300 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -4 100 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -10 999 700 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,3 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 4 100 000 000 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Президенті Іс Басқармасының басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының бюджетіне ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің
сомаларын бөлу;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жекеменшік орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
22) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
23) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
24) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының бюджетіне радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
25) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
26) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
27) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
28) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит берудің сомаларын бөлу;
29) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит берудің сомаларын бөлу;
30) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттердің сомаларын бөлу;
31) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомаларын бөлу;
32) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдерінің сомаларын бөлу бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне осы қаулының 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген 2025 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2025 жылғы
15 ақпанға дейінгі мерзімде енгізсін.
4. Осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi бекітілсін.
5. Осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі бекітілсін.
6. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2025 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде енгізсін.
7. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу