11 Сәуір 2016, 11:49
«Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын айқындау туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:__
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу