15 Сәуір 2026, 10:30
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiн босалқы жер құрамына ауыстырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 137 және 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жалпы ауданы 832,9 мың гектар жерлері кейіннен ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды, Павлодар және Абай облыстарының босалқы жерінің құрамына ауыстырылсын.
2. Павлодар және Абай облыстарының әкімдіктері осы қаулының 1-тармағынан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жерлерді қоспағанда, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының бұған дейін «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерін запастағы жер қорының құрамына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес босалқы жер құрамына ауыстырылған жалпы ауданы 1816,6 мың гектар жерлер Қарағанды, Павлодар және Абай облыстары әкімдіктерінің қарамағында болады деп белгіленсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу