14 Шілде 2023, 09:00
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 132-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1142 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 757 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу