Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерінде:

«1-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Аб = 38 134 + (Бортө – 214 584/1,12) * 95%, мұндағы:»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аб = 38 634 + (Бортө – 214 584/1,12) * 95%, мұндағы:»;

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аб = 35 726 + (Бортө – 284 350/1,12) * 95%, мұндағы:»;

4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аб = 35 786 + (Бортө – 284 350/1,12) * 95%, мұндағы:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының      

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу