12 Ақпан 2015, 10:51
Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Ғафу Қайырбековтің;
«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Бақытжан Байқадамовтың;
3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Қадырбек Оспановтың есімдері берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу