Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 ақпандағы №57 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014ж., № 28, 231-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлімде:

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Соңғы қарыз алушылардың осы Жоспарға 1-1-қосымша мен техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің С секциясы (Өңдеу өнеркәсібі)
11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07-сыныбына сәйкес келетін тамақ өнеркәсібі саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі – кредит сомасының кемінде
25 %-ы.»;

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген төртінші бөлімде:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы топ – оларға кредит беру осы Жоспарға 1-1-қосымшаға сәйкес тамақ өнеркәсібінің қаржыландыруға арналған салаларының тізбесіне
(бұдан әрі – тізбе) сәйкес жүзеге асырылатын тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес жобаларды өңдеу өнеркәсібінде іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ШОК субъектілері. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаның нысаналы мақсатын растау үшін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты кодына байланыстырылған тізбеден кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ кодтарына жатқызу сәйкестік өлшемшарты болып табылады.»;

он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ШОК субъектісіне арналған қаржыландыру лимиті – 1850000000
(бір миллиард сегіз жүз елу миллион) теңге;»;

мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) оң қорытындысы қажет. Ол үшін «Даму» КДҚ» АҚ уәкілетті органға сұрау салу және мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жобаны іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті өткізу нарықтары.

Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді.»;

1-қосымшада:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесінде:

мына:

 «

 

Тамақөнімдерініңөндірісі

10

»

деген жол алып тасталсын;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу