Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №226 Қаулысы

«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32,   303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары осы қаулыға қосышаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                             С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу