Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №282 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 және «Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидаларын және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 672 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде 15-тармақтың 198) тармақшасы алып тасталсын;

2) «Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидаларын және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 672 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу