Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №283 қаулысы

Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

 

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

 

Қосымша

Ережеге қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу