24 Маусым 2024, 19:38
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 908 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 9.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
9. |
7. |
«QAZAQ AIR» акционерлік қоғамы |
тікелей атаулы сату |
2024 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу