Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №92 Қаулысы

Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) «Инновациялық патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                              С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу