Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №299 қаулысы

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін бекіту туралы

 

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                      Ә. Смайылов

 

Тізбе

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу