Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;

2) «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу